Әйелден
шабыт алған өнер
Байқау Жоба тарихы
Көрме 2026
Myqty ushqyr júirik
Қазақстандық заманауи әйел даналық, күш пен сенімділікті өз бойына бірдей үйлестірген тұлға. Ол дәстүрлерді қастерлеп, болашақ ұрпаққа аманат ете отырып, алға нық басады.

Тарихи тұрғыда қазақ әйелі — ошақ иесі, ол қоғам өміріне тең дәрежеде араласқан. Ол жауынгерлік рух пен даналықты ұштастырып, ер-азаматтармен қатар ел басқаруға, келіссөздер жүргізуге қатысқан, отбасының тірегі бола отырып, мал шаруашылығымен, қолөнермен айналысып, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген.

Берік, іске адал, өзгерістерге тез бейімделу қабілеті ұлттық мінездің ажырамас бөлігіне айналды.
Жоба туралы
Äiel Tizginde жобасы қазақ әйелінің бейнесін қоғамды алға жетелейтін қозғаушы күш ретінде қарастырады. Оны өнер, мәдениет, технология салаларында, болашақты құруда көш бастап, өзгелерді соңынан ерте алатын тұлға ретінде көрсетеді.
Äiel Tizginde әйел күші тек дәстүрлі рөлдермен шектелмейтінін көрсетеді. Мәдени қалыпты сақтай отырып, жаңа дүниелерді жасау, өзгелерге ықпалын тигізу, болашақты құру қабілетін көрсетеді.
Жоба өткен мен бүгіннің арасындағы мәдени көпір іспеттес. Әйел рөлін тереңірек әрі заманауи тұрғыда түсінуге шақырады.
Көрме экспозициясы — әйел болмысының табиғатын зерттеу. Концепцияға сәйкес, әйел тек муза немесе символ емес.
Ол әртүрлі жаста, әртүрлі мамандық иесі, түрлі әлеуметтік рөлде. Мықтылық, күш, үйлесім — осының бәрін паш етіп, шабыттандырады.

Көрме әйелге тән қасиеттерге қатысты дәстүрлі көзқарастарға өзгеше қарап көруге шақырады. Әйелді тіршіліктің көзі, алға жетелеуші қуатты күш етіп көрсетеді.

Реалистік, авангардтық және концептуалдық стильдерде орындалған жұмыстар дәстүрлі бейнелерге жаңаша көзқараспен қарауды ұсынады. Бұл туындыларда авторлардың ізденістері көрініс тапқан. Олар әр түрлі буын өкілдері, олардың арасында өнер сүйер қауым арасында танылған мэтр шеберлері да, жас суретшілер де бар.
Өз өмірінің тізгінін ұстаған әйел
Нурлан Килибаев
Мейрім
90х90
холст, масло
2023
Нурлан Килибаев
Толганай
85х65
холст, масло
2022
Алтыншаш Алпысбаева
Жер сулу
100х100
акрил, холст
2024
Жанель Искакова-Пауэлл
На празднике
50х60 см
холст, масло
2020
Айгерим Карибаева
Создающая звезды
70х90
холст, масло
2024
Нурлан Килибаев
D4o
60х50
холст, масло
2022
Жанель Искакова-Пауэлл
Прядильщицы
100 х 100
акрил, холст
2024
Гульжамал Тагенова
Қалыңдық
90х70
холст, масло
2024
2025 жылғы фото есеп
Äiel Tizginde 2025