Әйелден
шабыт алған өнер
2026 жылы Äiel Tizginde жобасы әйелдер және олардың заманауи қоғамдағы шынайы рөлі туралы ашық диалог алаңына айналады. Өнер тілі, визуалды образдар мен шығармашылық арқылы біз қалыптасқан таптаурындарды, әйелдердің күш-қайратын, дербестігін, көшбасшылығы мен таңдау еркін ой елегінен өткіземіз.

Біз суретшілер мен авторларды қоғам таңған түсініктер мен өмірдің ақиқаты арасындағы қайшылықты зерттеуге шақырамыз. Шығармашылық арқылы шектеулерден, үйреншікті қалыптан тыс қазақстандық әйелдің шынайы болмысы қандай екенін көрсетуге үндейміз.
Өз өмірінің тізгінін ұстаған әйел
Біздің есімізге түскен таптаурындар. Сіз өз шығармаларыңызда тізімді кеңейтіп немесе осылардың бірін таңдап, әрі қарай өрбітсеңіз болады:
08.
әйелді тәуелді ететін патерналистік көзқарас
«Әйелдерді қорғау қажет»
10.
әйелдің кәсіби тұрғыда өсуі немесе әлеуметтік статусы ер адамның қолдауы мен келісімінсіз мүмкін емес деген түсінік
«Әйелдің жетістігі ер адамға тәуелді»
09.
объективті статистикалық негізі жоқ, тұрмыстық деңгейде кең тараған таптаурын
«Әйелдер көлік жүргізе алмайды»
05.
мамандық таңдауға әсер ететін таптаурын
«Әйелдер техникаға, ғылым мен технологияға қызықпайды»
07.
әйелден бағынышты, көнбіс болуды күту
«Әйел ұяң, жұмсақ әрі мойынсұнғыш болуы керек»
06.
қоғам әйелді ең алдымен сыртқы бейнесі, жастығы және сұлулық стандарттарына сәйкестігі арқылы бағалайды
«Әйел үшін сырт келбет бәрінен маңызды»
01.
физикалық және психологиялық айырмашылықтарды, әлеуметтік жағдайды есепке алмайтын дәстүрлі таптаурын
«Әйел еркектен гөрі әлсіз»
04.
көшбасшылық пен билік тек ерлерге қатысты деп қабылдайтын көзқарас
«Әйелдерге көшбасшы болу бұйырмаған»
03.
әйелдер тек сезімге беріліп шешім қабылдайды, рационалды тұрғыда ойлай алмайды деген жаңсақ пікір
«Әйелдер эмоцияға берілгіш, тұрақсыз келеді»
02.
оның өмірдегі басты рөлі үй, тұрмыс пен бала тәрбиесімен ғана шектеледі деген түсінік. Көбіне кәсіби саладағы амбицияларды шектеу арқылы көрініс табады
«Әйел ошақ иесі»
Конкурс шарттары
Қалай өтінім беру керек?
1. Онлайн-форманы толтыру 
2. ⁠Әрбіріне сипаттама беріп, саны 3-5 аралығында жұмыстарды жолдау:
  • Жұмыстың атауы;
  • Техника және жасалған жылы;
  • Идеясы және қысқаша ақпарат (500 әріпке дейін)
3. Байланыс нөмірін, қала мен әлеуметтік желілерге сілтеме көрсету
Бағалау
  • Байқау тақырыбына сәйкестігі
  • Көркемдік шеберлікі
  • Идеяның бірегейлігі
  • Тақырыптың әсерлілігі және заманауи тұрғыда ашылуы
Жұмыс форматтары:
  • Кескіндеме (май, акрил, аралас медиа)
  • Графика және иллюстрация
  • Фотосурет (5 кадрға дейінгі серия)
  • Мүсін / нысан / орнату
  • Digital art 
  • Бейнелеу өнері
  • Орындаушылық шеберлік
  • Театрландырылған қойылым
Кім қатыса алады?
  • Өнер қайраткерлері 
  • 16 жастан бастап
  • Қазақстан Республикасының азаматтары
  • Бір автор = бір өтінім
Кезеңдер
Ұлттық мұражайдағы көрме үшін финалистерді жариялау
27 ақпан
Қазылар алқасының жұмыстарды бағалауы
23 - 26 ақпан
Өтінім беру
22 қаңтар - 22 ақпан
Көрменің ашылуы, жүлдегерлерді жариялау
6 наурыз
Астанадағы ҚР Ұлттық мұражайындағы көрме
7 - 20 наурыз
Қазылар
  • Ольга Батурина
    Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның өнер теориясы мен тарихы кафедрасының профессоры, өнертанушы және куратор
  • Айя Шалқар
    Концептуалды суретші, визуалды артист және модель
  • Айгерім Құсайынқызы
    Гендерлік сарапшы және зерттеуші-заңгер
  • Эльнара Байназарова
    Қазақстан Республикасы БҰҰ Тұрақты координаторы кеңсесінің баспасөз және коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі
  • Валерия Ибраева
    Арт-сыншы және халықаралық куратор
  • Оспан Али
    Фотограф, креатор және әлеуметтік көркем жобалардың авторы
  • Ефрат Б. Имамбек
    Қазақстан өнер сыншылары гильдиясының төрағасы
  • Бегалиева Захира Онгарбаевна
    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі; «ITeachMe» қоғамдық қорының, Құзыреттерді дамыту орталығының директоры.
Жүлде қоры
3-орын
500 000 тг
2-орын
700 000 тг
1-орын
1 000 000 тг
Іріктелген және жеңімпаз болып танылған жұмыстар көрмесі Астана қаласындағы ҚР Ұлттық мұражайында өтеді. Көрме қонақтары дауыс беріп, көрермендер көзайымы жүлдесінің иегерін анықтай алады. Жүлде қоры — 200 000 теңге.

Мекенжайы: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 54
Күні: 2026 жыл, 7–20 наурыз
куратор выставки
Ольга Батурина