Жоба тарихы
Жоба аясында жергілікті Kiin киім брендімен коллаборацияда Äiel Tizginde мерчі шығарылды. Киім сатылымынан түскен қаражат «Ананың қолы» қоғамдық қорына аударылды. Бұл бастама жоба дәстүріне айналып, келесі жылы да өз жалғасын тапты.
2024 жылы жоба танымал фотограф Оспан Али және QYR Space креативті кеңістігімен бірлесіп, портреттік түсірілімге арналған оқыту дәрістерін қамтыған воркшоптан бастау алды.

Жобаның жалғасы ретінде үнемі қозғалыстағы кейіпкер әйелдермен фотосессиялар ұйымдастырылды. Осылайша 6 наурыз күні Allur дилерлік орталығының аумағында алғаш рет фотокөрме өтті.

Модель ретінде штурман, автобус жүргізушісі, кран машинисі, погон таққан әйелдер және басқа да мамандық иелері қатысты. Сонымен қатар кадрға Арай Алимхан, Нұргүл Үлжекова, Дана Нұржігіт және Ләйлә Сұлтанқызы сынды танымал тұлғалар да түсті.
2025 жылы жоба жаңартылған форматта өз жалғасын тапты. Äiel Tizginde көрмесінің негізгі идеясы қазақ мәдениетіндегі әйел бейнесін күш, терең мағына, қозғалыстың бастауы ретінде көркемдік тұрғыда пайымдау болды.
Модель ретінде тек медиа тұлғалар ғана емес, сонымен қатар кәсіби және отбасылық өмірде маңызды жандар да қатысты. Көрме кейіпкерлері қатарында Allur зауытының дәнекерлеушісі, дәрігер-гематолог, балерина, қоғам қайраткерлері және басқа да әйелдер болды.

Көрме дәстүрлі түрде Allur дилерлік орталығының аумағында өтті.
Жоба дәстүрлі кескіндеме мен заманауи фотосуретті біріктіріп, өткен мен бүгіннің, символдар мен шынайы оқиғалардың арасындағы визуалды диалогты қалыптастырды.

Көрмеде көрнекті қазақ суретшілерінің 20 туындысы ұсынылды. Фоторемейктер сериясы осы картиналардың заманауи интерпретациясы ретінде ұсынылды.

Бұл жұмыстар дәстүрлі кескіндеме мен қазіргі визуалды тілдің арасында көпір құрып, ырғақ, фактура, эмоция мен философияның маңызын айқындады. Фотосуреттер әсем көріністерді жай ғана қайталап қоймай, оларды дамытып, әйел болмысының жаңа қырларын және тарихи контекстті тереңірек ашты.
Фото