1
Техника/Материал : Цветы -ткань(шифон,органза,атлас) Гуашь,акрил
Размеры:50х40
Год создания: 2026
Қоғамда әйел үшін ең бастысы – сыртқы келбеті деп санайтын стереотип ұзақ уақыт бойы қалыптасқан. Бірақ менің ойымша әйелдің шынайы сұлулығы оның ішкі әлемінде, сезімінде, ойында және армандарында жатыр. Әрбір әйелдің ішкі дүниесі бірегей, әртүрлі, бірақ әрдайым ерекше және құнды. Әйелдің шынайы сұлулығы бет немесе фигура түрінде емес, оның жан дүниесінде, сезімінде, даналығында және сүйіспеншілік қабілетінде көрінеді. Мен осы жұмыста әйелдің ішкі сезімдерін гүлдер арқылы көрсеткім келді. Гүлдер оның қуанышын, мейірімін, сүйіспеншілігі мен жылуын бейнелейді. Түстердің жарқырауы мен алуан түрлілігі арқылы мен әйелдің шынайы сұлулығы сыртқы келбетінде емес, оның ішкі әлемінде ерекше жарқырайтынын жеткізгім келді. Әрбір гүл әйелдің жан дүниесінің бір бөлігі сияқты, әрқайсысы өз эмоциясын айтып, өмірге деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Сол арқылы сұлулық әйелдің тек бетінде емес – жүрегінде